Республика күні қарсаңында біздің лицейдің бірқатар қызметкерлері ауданымыздың тазалығы мен көркіне қосқан үлестері үшін құрметке бөленді. "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында олар ауданымыздың көрікті, көркем, таза аудан атануына өз еңбектерімен айрықша үлес қосты.
Осы еңбектері үшін Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы арнайы Алғыс білдірді. Марапатқа ие болған қызметкерлеріміз: Мырзалы Сәкен, Келиев Талант, Ермагамбетова Гулсим, Уразова Аманкуль, Сейтмагамбетова Баянкул
Олардың әрқайсысы экологияға деген жанашырлықтарын іс жүзінде көрсетіп, ауданымыздың таза әрі көрікті болуы үшін аянбай еңбек етті. Осы марапат – олардың қажырлы еңбектеріне деген алғыс пен құрметтің белгісі.
Біз, лицей ұжымы, әріптестерімізді осындай маңызды жетістіктерімен құттықтаймыз! Қызметтеріңіз әрқашан жоғары бағаланып, болашақта да табысты бола беріңіздер.
Экологияға үлес қосу – біздің болашағымыз үшін маңызды іс, және осы жолда сіздердей жанашыр мамандардың еңбегі үлгі болары сөзсіз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
