Білім ордамыздың 10-сынып оқушысы Әмірхан Нұртөре Алмасұлы «Менің шағын Отаным» атты зияткерлік байқаудың облыстық кезеңінде «Менің шағын Отанымның болашағы» номинациясы бойынша І орынға ие болды. Әмірхан Нұртөре байқау барысында өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін, терең білімін және болашаққа деген көзқарасын жоғары деңгейде көрсетіп, әділқазылар алқасының назарын аударды.
Оқушының жетістігі оның жетекшісі Изтлеуов Дарханбектің кәсіби жетекшілігімен жүзеге асырылды. Жетекші оқушының зерттеуін дұрыс бағыттауға және идеяларын сапалы жеткізуіне ерекше көңіл бөлген. Нұртөренің табандылығы мен ұстаздың қолдауы оны республикалық кезеңге жолдама алуына себепші болды.
Бұл жеңіс тек мектеп үшін ғана емес, бүкіл аудан үшін үлкен мақтаныш. Ендігі мақсат – республикалық кезеңде биік белестерден көріну. Сәттілік тілейміз, Нұртөре!
