Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 8 қазан күні жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша 11 сынып оқушылары арасында Президенттік олимпиаданың І өңірлік кезеңі өтті. Олимпиадаға біздің мектептің 11 "А" сынып оқушылары Әділбек Анель мен Серік Әсел қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орынды иеленді.
Оқушылар математика, физика, химия және биология пәндері бойынша білімдерін сынады. Олимпиадаға шәкірттерді дайындаған ұстаздарымыз:
- Математика: Берінбаев Ғани мен Алданазарова Әйгерім;
- Физика: Нұрқожаева Айнұр мен Бисенова Сауле;
- Химия: Сыдықова Эльмира;
- Биология: Абубакирова Камшат пен Донесова Гүлнұр.
Осы жетістіктер арқылы біздің оқушыларымыз білім, еңбекқорлық және ұстаздарының қолдауының арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізді. Алдағы кезеңдерде де үлкен табыстарға жететініне сенімдіміз!
