Қызылорда облыстық білім басқармасының "Тәрбие спорт және қосымша білім беру орталығының" ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында шығармашылық және спорт бағытындағы облыс әкімінің жүлдесіне арналған "Сыр лигасы" облыстық сайысы аясында "Отаным -бақыт ордасы" атты балалар хор байқауының аужандық кезеңі болып өтті.Аталмыш байқауға қатысқан №249 мектеп-лицейдің "Айсер" хор ұжымы ІІ орын алып жеңімпаз атанды. Байқауда "Айсер" хор ұжымы Ә.Жолдасбаевтың "Егемен елім" әнін талапқа сай орындап көрермендер ықыласына бөленді. Өнерлі балаларға шығармашылық табыстар тілейміз! Жетекшісі Гүлнәр Аяп.