Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде Н.Жәлиеваның ұйымдастыруымен 7 сынып оқушылары арасында "Ойынқұмарлық-тәуелділік" тақырыбында конференция өтті. Конференция барысында Орысбек Марғұлан қазіргі балалар арасында таралып жатқан интернет ойындардың зиянды жағы туралы баяндама жасады. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алысты.