Білім мен ұлттық құндылықтарды ұштастыра отырып, мектеп-лицейде бәсекеге қабілетті, жан-жақты тұлға тәрбиелеу
Кіру
AA+
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхамедұлы көшесi N°128
icons
lisey249@mail.ru  
+7-724-38-27-6-14
Білім мен ұлттық құндылықтарды ұштастыра отырып, мектеп-лицейде бәсекеге қабілетті, жан-жақты тұлға тәрбиелеу
"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "Ержігіт Бозғұлов атындағы № 249 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/sh249-kazaly.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.184): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/sh249-kazaly.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының 2024 жылғы 21-қазандағы №306 бұйрығымен білім ордамыздың тарих пәні мұғалімі Жантөре Ғалымжан Әбілбайұлы және бастауыш сынып мұғалімі Куламетова Лайла Оңдасынқызына ПЕДАГОГ-ШЕБЕР санатын берілді.

Білім беру саласында жаңа деңгейге қол жеткізіп, кәсіби шеберліктерін тағы да дәлелдеген Ғалымжан Әбілбайұлы мен Ләйла Оңдасынқызы "Педагог-шебер" санатын сәтті қорғады. Бұл атақ олардың үздіксіз еңбегі мен оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін шебер қолдануының нәтижесі болып табылады.

Ғалымжан мырза мен Ләйла ханым - өз кәсібіне адал және оқушыларға деген жауапкершілікпен қарайтын ұстаздар. Олардың әрбір сабағы оқушыларға қызықты, ал білім алу процесі нәтижелі болатындай ұйымдастырылған. Сабақ барысында қолданылатын шығармашылық әдіс-тәсілдер, интерактивті жаттығулар мен инновациялық технологиялар оқушылардың білімге деген ынтасын арттырып, олардың оқуға деген қызығушылығын оятады.

Бұл санатты қорғау олардың біліктіліктерін тексеріп қана қоймай, сол деңгейге сәйкес келетінін де көрсетті. Әріптестеріміз оқу-тәрбие процесінде өзіндік тәжірибелерін дамытып, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, олардың қабілеттерін ашуға ұмтылады. Әрбір сабақты жоспарлау мен өткізуге деген ерекше көзқарастары олардың кәсібилігін одан әрі арттырып, ұстаздық шеберліктің жоғары деңгейіне шығуына ықпал етеді.

Бұл жетістік барша әріптестерімізге үлкен мотивация болып, білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз. Шебер ұстаздарды осындай жоғары дәрежелі жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Олардың еңбегі әрі қарай да білім беру сапасын арттыруға зор үлес қосатынына сенімдіміз.